USD
USD
USD

Тасқын су Атбасар ауданына да қауіп төндіріп тұр

Ақмола облысы, Атбасар ауданы аумағындағы Жабай өзенінің деңгейі дәл қазір 6 метрден асып, 130-ға жуық жер үй су астында қалды. Сондай-ақ екі мектептің іргесі берік болғанымен, бәрібір жертөлесіне су кіріп кеткен. Осылайша бұл ауданда да төтенше жағдай жарияланып отыр.

Тасқын
Фото: Фото: ғаламтордан

Бұл маңдағы жиналған судың деңгейі 5 метрге дейін түскенімен, әл-әзір қауіп бетінің қайтар түрі жоқ. Өйткені Атбасар жұртын алаңдатып отырған Жабай өзеніне тағы үш өзен келіп су құяды екен. Осындай табиғи әлеуетке ие Жабай өзені төңіректегі елді мекендерді бірінші мәрте мазаламаған сыңайлы. Ал биылғы табиғаттың ерекше құбылысы біраз әуре-сарсаңға салып жатыр екен. Естеріңізде болса, тасқын су жайылған мұндай жағдай 2014, 2017 жылдары да болған.

Қазір Атбасар ауданының әкімдігі тиісті органдармен бірлесе қолдан келген барлық амалды қарастырып жатыр. Адам шығыны болмас үшін және тұрғындар сырқаттанып қалмас үшін аудан аумағында ашылған 7 эвакуциялық пункттің бәрі бос тұр. Себебі тұрғындар туыстары мен жақын-жуықтарының үйін уақытша паналай тұруды жөн көріпті.

Аудан басшысы Аманбек Қалжанов су астында қалған үйлердің құжаттары арнайы құрылған комисияға тіркеліп жатқанын жеткізді. 
«Тұрғындардың өтініші негізінде кейінірек комиссия мүшелері үй-үйді аралап, нақты шығын көлемін анықтауға кіріседі.

Бұған дейін болған, яғни 2017 жылғы су тасқынынан үй-жайларынан айрылған тұрғындарды баспанамен қамту мақсатында 5 қабатты үйді пайдалануға бергенбіз. Үйсіз қалған жерлестеріміздің көпшілігі кезінде сонда қоныс аударған. Ал ауылдан кеткісі келмеген 87 отбасының үйлері биыл тағы да суда қалды. Дегенмен қираған үйді біржола тастап, көшем дегендерге көпқабатты үй дайын. Көшпейтін болса, сол үйлерін қайта жөндеп береміз», дейді аудан әкімі А.Қалжанов.

Сағадат БАҚЫТБЕК, Астана

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Арай Есенбек

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

.

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

әділет партия

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Ержан Бабақұмаров