USD
USD
USD

Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның отырысы өтеді

Бүгін Ташкентте Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 20-отырысы өтеді.

Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның отырысы өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Онда мемлекетаралық байланыстардың кең ауқымды мәселелері, атап айтқанда:

– өнеркәсіп кооперациясын тереңдету;

– ауыл шаруашылығы;

– транзиттік-көлік саласы және басқа да бағыттардағы өзара іс-қимыл перспективалары талқыланады.

Қазақстан тарапынан ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, Өзбекстан тарапынан ӨР Премьер-Министрі Абдулла Арипов тең төрағалық етеді.

Әлихан Смайыловтың Өзбекстан астанасына жұмыс сапары «Янги Узбекистон» саябағында орналасқан «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Онда бейбітшілік пен бостандықтың, ізгілік пен игіліктің белгісі ретінде қанатын жайған Хумо құсы бейнеленген, ал монумент тұғырында «Ел тарихында өшпес із қалдырған ата-бабаларымызға мәңгілік тағзым» деп жазылған.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе