USD
USD
USD

Ташкентте ауыр атлетикадан Азия біріншілігі басталды

Өзбекстан астанасы Ташкентте ауыр атлетикадан Азия чемпионатының жалауы көтерілді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ауыр атлетика
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. Жарыстың бірінші күнінде Қазақстанның атынан Айнұр Абдықалықова өз өнерін ортаға салды. 45 келіге дейінгі салмақта күш сынасқан отандасымыз жұлқа көтеруде 62 келі, ал серпе көтеруде 75 келіні бағындырып, екі жаттығудың қорытындысы бойынша 137 келімен 4-орынға табан тіреді.

1-орын. Вон Сим Хюн (Солтүстік Корея) - 192 (86+106) келі

2-орын. Сиривимон Прамонгхол (Таиланд) - 163 (72+91) келі

3-орын. Хонг Зи-Ю (Тайпей) - 162 келі (72+90)

4-орын. Айнұр Абдықалықова (Қазақстан) - 134 (62+75) келі

Алдағы күндері жарыс жолына тағы 6 отандасымыз шығады. Әйелдер арасында Арай Нұрлыбекова (87 кг) бақ сынаса, ерлердің бәсекесінде Сайрамкез Ақмолда (67 кг), Әлібек Рақымберді (81 кг), Александр Уваров (81 кг), Сергей Петрович (89 кг) және Кирилл Староверкин (96 кг) ел насымын қорғайды.

10 ақпанға дейін жалғасатын Азия чемпионатында Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік беретін рейтингтік ұпайлар үлестіріледі.

Жарысқа 34 елден 192 атлет қатысып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам