USD
USD
USD

Ташкент әуежайының маңында жойқын жарылыс болды

Ташкент әуежайы маңындағы кеден қоймасында жойқын жарылыс болды. Зардап шеккендер бар.

Ташкент әуежайының маңында жойқын жарылыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қатты жарылыстан жақын маңдағы ғимараттардың терезелері сынған. Жарылыстан кейін өрт басталған. Өзбекстан төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше төтенше жағдай 28 қыркүйекте 2:43-те болған. Жарылыс дауысы бірнеше шақырымға дейін естілген. Ал от жалыны өзге аудандардан да көрініп тұр.

Құрбан болғандар мен қаза тапқандар туралы әзірге нақты ақпарат жоқ. Жергілікті БАҚ ғимаратта әуежай қызметкерлері көп болғанын хабарлады. Ауруханалар зардап шеккендерге толы.

Әуежайға 16 өрт сөндіру-құтқару бригадасы жіберіліпті. Сондай-ақ ведомство өкілдері ұшақ құлағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. 

Жарылыстың алдын ала себебі қоймада сақталған электромобильдерге арналған аккумуляторлар болуы мүмкін.

Uzbekistan Airports компаниясы жарылыстың әуежай жұмысына кедергі келтірмегенін хабарлады. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан құрамасы жеңілістен көз ашпаса да, ван ’т Схип өзін нашар бапкер санамайды

Джон ван'т Схип

Қазақстанда туған 22 мыңнан астам медбике шетелде жұмыс істейді – ЭЫДҰ

Дәрігер мен науқас

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев