USD
USD
USD

Тәртіп бұзушылар әкімшілік жаза ретінде қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін

Мәжіліс Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін түзетулерді екінші оқылымда қабылдады.

қоғамдық жұмыс
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Заң әкімшілік-деликтік заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған. 2024 жылдың 17 сәуірінде заң бірінші оқылымнан өткен еді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі әкімшілік жаза енгізіледі. Екінші оқылымға дайындық барысында депутаттардың бастамасымен оны іске асыру тетігі айтарлықтай жетілдіріліп, қоғамдық жұмыстардан жалтару жағдайларындағы ішкі істер органдарының рөлі күшейтілді.

Заң әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау кезінде көлік құралын пайдалануды реттейді. Іс қысқартылған тәртіпте жүргізілсе, қайта ашылған мән-жайлар бойынша істерді қайта қарау тәртібін құқықтық реттеудегі олқылықтар жойылады. Президент жанындағы Құқық қорғау және сот жүйелерін реформалау жөніндегі комиссия әзірлеген және Мемлекет басшысы бекіткен түзетулер жүзеге асырылады.

Төтенше жағдай режимінде ӘҚБтК-те әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша ерекше іс жүргізу тәртібінің болмауына және соттың (лауазымды тұлғалардың) істерді қарау мерзімдерін тоқтата тұру құқығына қатысты олқылықтарды жоюға бағытталған заңнамалық шаралар қабылданады.

Сонымен қатар депутаттар ӘҚБтК-нің 79-бабында операторлар мен электронды ақпараттық ресурстардың иелеріне жеке деректерді қорғау және оларды пайдалануға қатысты заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл санкцияларын қатаңдатуға бағытталған түзетулер енгізді. Басқа заңдар мен кодекстердің нормаларында болуына және оларды қолдану орынсыз деп танылуына байланысты ӘҚБтК-нің 85 және 100-баптары алынып тасталды. Бұдан бөлек басқа да бірқатар норма енгізілді.

Қазір оқып жатыр

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Мәдиев, Машрабов

«20 млн теңге ұсынды»: Павлодарда қаза болған кәсіпкердің анасы тергеудің әділ жүргізілуін талап етеді

Икрам Нұрмашов

Көктасжал кен орнына кім иелік еткен? Altyndara дауға жауап берді

Кен өндірісі

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым