USD
USD
USD

Тәртіпсіздік кезінде қамауға алынған 31 адам ауруханада емделіп жатыр

Қазақстанда болған жаппай тәртіпсіздік кезінде қамауға алынған 31 адам бүгінде ауруханада ем алып жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев мәлім етті.

Тәртіпсіздік кезінде қамауға алынған 31 адам ауруханада емделіп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қаңтардың басында болған жаппай тәртіпсіздік барысында полиция және әскери қызметшілер елде тәртіпті орнату үшін ауқымды операция жүргізді. Құқық қорғау органдары тергеуді әлі аяқтаған жоқ. Қабылданған шаралардың нәтижесінде сот шешімімен күдікті адамдар қамауға алынды. Аталған адамдар тергеу изоляторына қабылданған кезде міндетті түрде медициналық тексеруден өтіп, ПТР тестінің теріс нәтижесімен қабылданады», - деді Мейрам Аюбаев ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет төрағасы орынбасарының айтуынша, дене жарақаты немесе қандай да бір ауру анықталған кезде оларға міндетті түрде медициналық көмек көрсетіледі. Және ол туралы прокуратураға хабарланады.

«Мекеме тиісті медициналық көмек көрсете алмаған жағдайда олар азаматтық ауруханаларға жеткізіледі және арнайы күзетпен емделеді. Бүгінгі таңда осындай 31 адам бар, оның 29-ы Алматы қаласының ауруханаларында, бір-біреуден Қызылорда және Атырау қалалық ауруханасында жатыр. Олар дене жарақатын тергеу изоляторына келгенге дейін алды. Біз оларды қамауға алғанда анықтап тіркедік және прокуратураға хабарладық», - дейді ол.

 

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті