USD
USD
USD

Тәртіпсіздік кезінде бизнеске 95 миллиард теңгеден астам шығын келді

Елдің 9 өңірінде зардап шеккен 1 528 бизнес субъекті анықталды.

Тәртіпсіздік кезінде бизнеске 95 миллиард теңгеден астам шығын келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстанда тәртіпсіздіктер кезінде бизнеске келген шығынның жалпы сомасы алдын ала есепке сәйкес 95,3 миллиард теңгеден асты, деп хабарлайды «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы. 

2022 жылдың 11 қаңтары сағат 09.00-дегі жағдай бойынша алматылықтардың шығыны 93,8 миллиард теңгеге жеткен.

«Байланыс орталығына 3 507  қоңырау түсті, соның ішінде: тонау мәселесі бойынша – 1 669, форс-мажор – 138, блок-бекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 11, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 1 671», - деп хабарлады «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

Елдің 9 өңірінде зардап шеккен 1 709 нысанда орналасқан 1 528 бизнес субъекті анықталды, соның ішінде Алматы қаласында 1 578 нысанда орналасқан 1 408  субъект зардап шеккен.

Зардап шеккен бизнес салалары: сауда – 1 448; қоғамдық тамақтану – 32; қаржы секторы – 37; логистика – 9; БАҚ – 2.

Қазір оқып жатыр

Аида Балаева Құрылтай депутаттарына қатысты сынның буллингке ұласып бара жатқанын айтты

Мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстан – Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көліктері жиналып қалды

.

Алматыда электросамокатпен келе жатқан ер адам қаза тапты

Элеткрсамокат

18 жастағы Сәтпаевты «Бернли» бапкері бүкіл командаға үлгі етті

Дастан