USD
USD
USD

«Тарихты жеңімпаздар жазады» деген қағидаттың ғылымға қарсы сипатын ұмытпаған жөн – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның ашылу салтанатында баяндама жасады.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Президент жиында сөйлеген сөзінде һтарихқа әділ әрі саяси тұрғыдан бейтарап баға беру маңызды екенін атап өтті.

«"Тарихты жеңімпаздар жазады" деген қағидаттың ғылымға қарсы сипатын ұмытпаған жөн. Яғни жеңімпаздарды жазғыруға болмайды, әлем тарихының төрінен орын алып, зерттеушілердің мақтау-мадағына ие болады. Ал шағын және орта мемлекеттер, соның ішінде майданда жеңіліс тапқан елдер тарихтың тасасында қалады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлектет басшысы ескі догмалар мен қасаң көзқарастарды қайта қарау үдерісі басталып кеткенін тілге тиек ете келе, бүгінгідей алмағайып замандағы тарихшылардың атқаратын рөліне тоқталып өтті.

«Қазақстанда саясаттың пайдасы үшін көшпелі халықтарды жабайы, бей-берекет, тарих шеңберінен тыс күш ретінде көрсетіп, қуатты дала империяларын "мемлекет деңгейіне жете алмаған" деп төмендететін ескі догмалар мен қасаң көзқарастарды қайта қарау үдерісі басталып кетті.

Бұл ретте біз шынайы тарихнаманы қалпына келтіре отырып, өткенді әсірелеуден аулақпыз. Тарих өзіне тәнті болған жалған әрекеттерді, ортақ мұраны жекелеген халықтың қанжығасына байлап беруді кешірмейді», – деді Президент.

Оның пікірінше, қазақ елінің «кереғарлықтар мен кедергілерге толы бай тарихын біржақты түсіндіруге қойылатын талап ғылымның құлдырауына және өзара сенімнің жоғалуына әкелетін тұйыққа тірейді».

Осы орайда Мемлекет басшысы кәсіби тарихшылар қауымдастығында «жұмсақ күш» пен ғылыми дипломатия өкілдері бар екенін, олар саясаткерлер қамал тұрғызатын жерде көпір салуға қабілетті екенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Alatau City-де Орталық Азиядағы алғашқы аэротакси сынақтан өткізілді

аэротакси

Қазақстандықтар Жан Байжанбаев бастаған бірнеше актерді қамауға алуды талап етті

Жан Байжанбаев

Ішкі рейстердің билеті арзандай ма? Экономист ҚҚС-ның әсерін түсіндірді

Ерлан Байдәулет

Sen Sulu бренді ресейлік блогер Валя Карнавалға қатысты хейтке жауап берді

Валя Карнавал