USD
USD
USD

Тарихи таңдау жасауға шақырамын – Мәжіліс Төрағасы

Палата спикері «AMANAT» партиясының  облыстық филиалы ғимаратында өңір жұртшылығымен жүздесті. Ерлан Қошанов алдағы референдум жайлы айтып, ел тағдырын шешетін ауқымды реформалардың мән-маңызын түсіндірді. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы ұсынып отырған конституциялық реформалардың барлық салаға қатысы бар.

Тарихи таңдау жасауға шақырамын – Мәжіліс Төрағасы
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE.  Жиында Мәжіліс төрағасы еліміздің саяси өміріндегі үлкен өзгерістерді айта келе, қазіргі әлемде болып жатқан күрделі үдерістерге бейімделіп, түрлі сынақтарға дайын болуы керектігін атап өтті. Сонымен қатар Ерлан Қошанов жасанды монополияларды түбегейлі жойып, азаматтарға тең мүмкіндік беру үшін мемлекет тарапынан үлкен шаруа атқарылып жатқанына назар аударды.

– Елімізде ашық саясаттың жаңа кезеңі басталайын деп отыр. Енді барлық саяси күштер сайлаушылардың нақты сұранысына басымдық береді. Сонымен бірге референдум мемлекеттің жаңа мақсаттарын жүзеге асыру болып саналады. Халық еліміздің сайлау жүйесіне сенуі керек. Бұл – билік легитимдігінің негізі. Сайлау саяси өміріміздегі қалыпты жағдайда айналуға тиіс. Біз бірте-бірте осыған келе жатырмыз, – деді Мәжіліс төрағасы.

Палата спикері реформалардың басты мақсаты азаматтардың конституциялық құқығын қорғауды негізге алатын әділетті қоғам құру екенін атап өтті.

Одан әрі Мәжіліс спикері саяси жүйені кешенді жаңғырту мәселелеріне назар аударды. Онда Парламенттің рөлін айтарлықтай күшейтуге ерекше мән беріліп отыр. Ерлан Қошанов бүгінде Парламент кез келген ауданның бюджетін тексере алмайтынын, Парламент депутаттарында мұндай өкілеттік жоқ екенін айтты. Мәжіліс төрағасының айтуынша, өңірлерге республикадан қыруар қаржы бөлінуде. Ал ел бюджетін бекітетін орган үшін оның қалай жұмсалатынын түсіну керек.

Енді Есеп комитеті мен барлық тексеру комиссиялары Аудиторлық палатаға біріктіріліп, жылына екі рет Мәжіліс депутаттары алдында жария түрде есеп беретін болады. Бұл Мәжіліске бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. Осылайша республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттерді бақылай алады, – деді Палата спикері.

Сөз соңында Ерлан Қошанов облыс жұртшылығын республикалық референдумға белсенді қатысып, тарихи таңдау жасауға шақырды. Кездесуден кейін «AMANAT» партиясының төрағасы жеке қабылдау өткізіп, облыс тұрғындарымен сөйлесті. Палата спикері жұмыс сапары барысында Теміртау қаласының жұртшылығымен кездесті. Онда 20 мың емделушіге арналған жаңадан ашылған емханаға барды. Ерлан Қошанов ем қабылдайтын кабинеттерді аралап, дәрігерлермен әңгімелесті. Одан кейін спорт дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне барды.

Кездесу барысында Теміртау қаласының белсендісі Олег Гусев Қазақстан әлемде болып жатқан оқиғаларға қарамастан, көпұлтты қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтай отырып, барша қиындықтарға төтеп бере алды деді.

Сапар аясында Мәжіліс төрағасы Ленин атындағы шахтаның кеншілерімен, Абай ауданы Көксу кентінің ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен, сондай-ақ Шет ауданы С.Сейфуллин атындағы ауыл жұртшылығымен кездесуді жоспарлап отыр.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.