USD
USD
USD

Тарихи жеңіс: Синхронды жүзуден Қазақстан командасы әлем чемпионы атанды

Катар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан тарихи алтын медаль жеңіп алды, деп жазады Olympic.kz. 

Синхронды жүзу
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. Синхронды жүзуден аралас жұптық сында өнер көрсеткен Эдуард Ким мен Наргиза Болатова әлем чемпионы атанды. Олар 228.0050 ұпай жинады.

Күміс медальді Қытай құрамасы, қоланы Мексика командасы жеңіп алған.

Айта кетсек, Қазақстан тарихында су спорты түрлерінен әлем чемпионатының алтын медалі болмаған. Бұған дейін Эдуард Ким жекелей сында қола жүлде жеңіп алған еді.

Қазір оқып жатыр

БҚО-да суару жүйелерін салуға бөлінген 251 млн теңгенің бір бөлігіне кәсіпкер үй сатып алған – ҚМА

кәсіпкер

NAVAI мінген көліктен есірткі табылды

NAVAI

Астанада құмар ойынның кесірінен екі шенеунік қызметінен айырылды

Портфель ұстаған шенеуніктер

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады – Қанат Ысқақов

Қанат Ысқақов