USD
USD
USD

«Тарифтердің бірдей қымбаттатуы күмәнді»: депутат операторларды тексеруді талап етті

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінен Altel, Tele2, Beeline тариф саясатын тексеруді сұрады.

Pixabay.com
Фото: Pixabay.com

Астана, NEGE. Таяуда Қазақстандағы Altel, Tele2 және Beeline компаниялары ұялы байланыс абонент төлемін 20 пайызға дейін көтеретіндерін жариялады. Үш ірі оператордың тарифтерді бірдей мөлшерде және бір уақытта қымбаттатуы қоғамда да, депутатта да күмән тудырады.

«Бұл компаниялар арасындағы бәсекенің емес, өзара келісімнің, үйлесімнің, астыртын ақылдасудың белгісі емес пе? Бұл жағдай қарапайым тұтынушылардың құқықтарын таптау деп есептейміз. Себебі баға өседі, бірақ нарықта балама оператор жоқ, яғни тұтынушы таңдау мүмкіндігінен айырылады. Нәтижесінде абоненттерге жоғары ақы төлеу міндеттеледі», – деді депутат.

Әшімжан 2023 жылдан бері байланыс тарифтері 7–57 пайыз аралығында қымбаттаған да атап өтті. Ол аталған компаниялардың тариф саясатынан бағаны келісіп белгілеу белгісі бар-жоғын анықтау керек деп санайды.

Қазір оқып жатыр

«ҚазАвтоЖол» операторы филиалының бұрынғы басшысы сотталды

Сот

20 наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Парламент

Балабақша мен мектептерде наурызкөже әкелуге тыйым салынды

наурыз

ҚазТАГ басшысы Әсет Матаев ұсталды

Әсет Матаев