USD
USD
USD

Тараздық тұрғын көршісінің атынан жарты миллион теңгеге несие рәсімдеген

Тараздық тұрғын көршісінің атынан жарты миллион теңгеге тауарлық несие рәсімдеген,  деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараздық тұрғын көршісінің атынан жарты миллион теңгеге несие рәсімдеген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тараз қаласы полиция басқармасының 2-полиция бөліміне 66 жастағы жергілікті тұрғын, екінші топта мүгедектігі бар әйел жүгінген. Жәбірленуші өз шағымында көрші тұратын әйелдің үйіне келіп, жаңа жылдық мерекеге орай мүгедектерге мемлекеттік жәрдемақы алуға телефоннан өтініш беру қажет екендігін айтып, оның ұялы телефонынан бейне сәйкестендіру жүргізгенін, осылайша мүгедек әйелдің сенімін теріс пайдаланып, оның атына тауарлық несие рәсімдегені туралы шағымданған. Жалпы келтірілген шығын көлемі 492 800 теңге.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлімі 4-тармағы (Ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полиция қызметкерлері шағымданушының пайдакүнем көршісін, 40 жастағы күдікті әйелді анықтап, ұстады. Ол өзінің кінәсін толық мойындап, жәбірленушіге келтірілген материалдық шығынды өтеді.

Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Кәсіби маман»: Аида Балаева журналист Гүлнар Бажкеноваға қатысты пікір білдірді

Гүлнар Бажкенова

Астанада екінші әуежайдың құрылысы келесі жылы басталады

Астана әуежайы

Қазақстанда AI мамандарын даярлайтын жаңа университет ашылады

Жаслан Мәдиев

Жаңа ақпараттық жүйелерді әзірлеуге мораторий енгізілді – Мәдиев

комиссия