USD
USD
USD

Тараздық оқушы құтқарушы робот ойлап тапты

Тараз қаласындағы №7 мектеп-гимназия оқушысы өрт кезінде адамдарды құтқаруға көмектесетін робот ойлап тапты, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.

Тараздық оқушы құтқарушы робот ойлап тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 9-сыныпта оқитын Вячеслав Кузьмин техникалық- шығармашылық орталықта қосымша білім алады. Төтенше жағдай кезінде көмек болатын құрылғыны осы орталықта тәлімгері Айнұр Сұраншиеваның жетекшілігімен жасап шығарған. Оған «Темір-Батыр» деп ат қойған. Құлтемір өрт кезінде жалынды сөндіріп, қою түтін ішінде қалған адамды да іздеп табады. 

«Роботтың алдында кедергілерді итеруге арналған құрылғысы және камерасы бар. Темір-Батырды қашықтықтан басқарып, камера арқылы өрт болған жерді көруге, ультрадыбысты қондырғының көмегімен өрттің қай жерден шыққанын, адамның бар-жоғын анықтауға болады. Роботтың ішіне екі бак орнатылған. Оған жағдайға байланысты көпіршік немесе су толтырылады. Қысым сұйықтықты 5 метр қашықтыққа шаша алады»,– дейді өнертапқыш оқушы.

Вячеслав Кузьмин Темір-Батырды Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаменті  мамандарына апарып көрсетпекші. Патент алып, роботты тағы да жетілдіру жоспарында бар.

Қазір оқып жатыр

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев