USD
USD
USD

Тараздағы жол апаты: Екі адамды қағып өлтірген жүргізуші анықталды

Бүгін таңда Тараз қаласында жантүршігерлік жол апаты болды. Нақтырақ айтсақ, көлік жүргізушісі аялдамада тұрған бір топ адамды қағып өтті. 

Тараздағы жол апаты: Екі адамды қағып өлтірген жүргізуші анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аталған жағдай камераға түсіп қалған. Ол әлеуметтік желіде тарап кетті. Көлік төрт адамды қаққан. Зардап шеккендердің екеуі сол жерде көз жұмған. 

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов аталған оқиға жайлы мәлімет берді. 

«Таразда Сейфуллин көшесі мен Бауыржан Момышұлы көшесіне қарай келе жатқан көлік жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол апаты салдарынан екі жаяу жүргінші оқиға орнында қаза болып, екеуі Тараз қалалық №1 ауруханасына жатқызылған», – делінген хабарламада.

Оқиға бойынша ҚР ҚК-ның 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Полицейлер Тараз қаласының 23 жастағы жүргізушісін анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалған.

Әлеуметтік желіде оқиғаға қатысы бар күдікті ретінде Ернұр Мыңтай деген деген 23 жастағы жігіттің аты-жөні аталды. Әлеуметтік желіде мұндай атпен төмендегі азамат тіркеліпті. 

Қазір оқып жатыр

Daryn.online платформасына жүргізілген тексеру нәтижесінде әкімшілік іс қозғалды

дербес деректің таралуы

Алматы әкімдігінің туристік турнесіне 1 млрд теңгедей бюджет қаражаты жұмсалған

Алматы әкімді

Марқұм Ұлдананың күйеуі өтемақыны қайтаруға міндетті ме – Заңгер жауабы

дәрігер

Қазақстан Ресей мұнайын өңдеп, кейін кері жөнелтуі мүмкін

мұнай өңдеу