USD
USD
USD

Таразда тоғызқұмалақтан ел чемпионаты өтіп жатыр

Тараз қаласында тоғызқұмалақтан жасөспірімдер мен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Таразда тоғызқұмалақтан ел чемпионаты өтіп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 27 наурызға дейін өтетін чемпионатқа 17 облыс және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан барлығы 20 құрама команда қатысып жатыр.

Тоғызқұмалақтың классика түрінен 350 ойыншы бақ сынауда, ал рапид және блицтен 50-ге жуық спортшы жарысқа түседі.

Шараның салтанатты ашылуына Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ қауымдастығының вице-президенті Батырбек Құлекеев, облыстық Спорт басқармасының басшысы Арман Тәшметов, тоғызқұмалақтан ҚР мемлекеттік жаттықтырушы Дәулет Әбдікәрімов қатысты.

Чемпионаттың бас төрешісі ретінде жоғары ұлттық дәрежедегі төреші Ербол Нұрханов қызмет етуде.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе