USD
USD
USD

Таразда сотталушы түрменің 3 қызметкерін жаралады

Таразда сотталушы түрменің 3 қызметкерін жаралады. Оқиға №158/7 түзеу мекемесінде болған, деп хабарлайды qazaqstan.tv.

Таразда сотталушы түрменің 3 қызметкерін жаралады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл оқиғаны Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады.

Сотталушының шабуылы таңғы сағат 8:30 шамасында тексеріс кезінде болған. Ол қырынуға арналған ұстараның алмасымен күзетшілердің бірінің кеудесін тіліп жіберген.

Жарақат алған әділет лейтенанты Мекембай жасақ командирі болған. Сотталушының әрекетін тоқтатпақ болған тағы екі қызметкер де жарақат алыпты.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілген.

Қазір 3 қызметкердің де жағдайы бірқалыпты. Ал, шабуыл жасаған жазасын өтеуші қатаң бақылау мен тәртіп изоляторына оқшауландырылған.

Оқиғаға қатысты қызметтік тергеу басталды.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт