USD
USD
USD

Таразда сотталған азамат грант ұтып алды

Таразда сотталған азамат 400 АЕК грант ұтып алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Таразда сотталған азамат грант ұтып алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тараз қалалық №3 пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азамат өз кәсібін ашуға мүмкіндік беретін мемлекеттік грант ұтып алды. Ол қайтарымсыз грантқа қол жеткізу үшін “Бизнестің жол картасы – 2025” жобасы арқылы 3 айлық курсты тәмамдап, нәтижесінде 400 АЕК мөлшеріндегі грантқа қол жеткізді.

– Пробация қызметкерлерінің көмегімен аталған жоба бойынша 3 ай оқып, қолыма сертификатымды алдым. Білікті мамандардан тәлім алып, қайтарымсыз грантқа қол жеткіздім. Алдыма қойған арманым, жоспарым бар. Енді, міне, мемлекеттен берілген көмектің арқасында мал шаруашылығын ашып, кәсібімді дөңгелетсем деген ойдамын, – дейді есептегі азамат.

Жалпы, қазіргі таңда дәл осы пробация бөлімінде мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз грант алуға тағы 15 сотталған азамат ниет білдірді. Олардың бірі – шағын ағаш өңдеу цехын ашуды көздесе, екіншісі – құрылыс саласында сметалық жоба әзірлеуді қолға алмақ. Тағы бірі – шаштараз сынды жеке кәсіптерін ашып, ел игілігіне жұмыс жасауды жоспарлап отыр.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция