USD
USD
USD

Таразда шағын қаржы мекемесінің директоры өз фирмасын тонаған

7 қыркүйекте Тараз қаласының "102" арнасына шағын қаржы мекемесіне тонау жасалғаны туралы хабарлама түсті.

Таразда шағын қаржы мекемесінің директоры өз фирмасын тонаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полицейлер келгеннен кейін сол мекеме филиалының 47 жастағы директоры кассирді дәретхана бөлмесіне қамап, кассадан 24,5 млн. теңге көлеміндегі ақшаны иемденіп, белгісіз бағытқа қашып кеткені анықталды.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 191-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде жасалған тонау) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Жеке құрамға шұғыл бағдар беріліп, "Тосқауыл" жоспары енгізілді. Сондай-ақ өзге де жедел іс-шаралар кешені жүргізілді, оның ішінде тонаушының туыстарымен және айналасындағы жақын араласатын адамдармен байланыс жасалып, нәтижесінде күдікті қала аумағынан тыс жасырынып үлгермей, өз еркімен ұрланған ақшаны алып, полиция органына келуге мәжбүр болды.

Жауап алу барысында ұсталған азамат құқыққа қайшы жасалған әрекетіне өкініп, мұндай мәжбүрлі, үмітсіз қадамға спорттық құмар ойындар салдарынан ұтылысқа ұшырағаны және кезінде осындай құмар ойындар үшін алған 5 несие бойынша жинақталған қарыздарға байланысты барғанын айтып түсіндірді. Қазіргі таңда күдікті уақытша қамау изоляторына қамаққа алынды.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

.

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.