USD
USD
USD

Таразда полицей итті көшеде атып тастады

Таразда поли

Таразда полицей итті көшеде атып тастады
Фото: NEGE.kz

цей тұмылдырықсыз итке қару кезенді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE. 8 шілде сағат 13:50 кезінде 102 қызметіне Тараз қаласындағы дәріханаға қарама-қарсы бетте екі белгісіз ер адам спирттік ішімдік ішіп отырғаны, ал олардың жанында төбелесетін ит тұмылдырықсыз жүргені туралы хабар түсті.

Шақыру орнына келген полиция қызметкерлері 1979 және 1986 жылы туған жергілікті екі тұрғынды анықтады, оларға жолай өтіп бара жатқан адамдар шағымданған.

43 жастағы ер адам "питбультерьер" тұқымды итін тыныштандыру және оған тұмылдырық кигізу туралы полиция қызметкерінің талабына жауап бермеді.

Ит босанып шығып, айналада жүрген адамдарға қауіпті болды.

Қайғылы оқиға орын алмас үшін Тараз қаласының полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының инспекторы табельдік қарудан оқ атқан.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт