USD
USD
USD

Таразда мейрамхана иесі қонақтарды VIP-кабинкаға тығып қойған

 Жамбыл облысында карантиндік шаралардың сақталуын бақылау күшейтілуде. Күн сайын әкімдік, полиция, санитарлық қызмет, қоғам және БАҚ өкілдері енген мобильді топтар көңіл көтеру орындарына рейдтер өткізіп, карантин режимін бұзушыларды анықтауда.

Таразда мейрамхана иесі қонақтарды VIP-кабинкаға тығып қойған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Атап айтсақ, Тараз қаласындағы қонақ үйлердің бірінде карантин талаптарының бұзылуы анықталған. Онда бір топ адам спиртік ішімдік ішіп, бассейнге түсіп демалған. Осындай жағдай облыс орталығындағы мейрамханалардың бірінде де болған. Мекеме басшылығы рейд тобын көре сала, 40-қа жуық клиентті үш VIP-кабинкаға жасыруға тырысқан. Нәтижесінде олардың ауру жұқтыру қаупін жоғарылатқан. Тексерушілерге есіктерді ашу үшін құтқарушылардың көмегіне жүгінуге тура келген. Осындай бұзушылықтар қаладағы басқа да ойын-сауық орындарында да кездескен.

Рейд нәтижесінде бір түнде шамамен 2 миллион теңге айыппұл салынып, хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ, мобильді топтар карантин кезеңінде қоғамдық тамақтану объектілерінің санитарлық-эпидемиологиялық талаптары мен жұмыс жағдайларын белсенді түрде түсіндіруде. «Азаматтар бұл рейдтердің негізгі мақсаты айыппұл салу емес екенін түсінуі керек. Қазіргі эпидемиологиялық жағдай халықтың карантин шараларын барынша ұстануға міндетті екендігін көрсетуде. Күн сайын көптеген адамдар коронавирустың құрбанына айналуда. Олардың ішінде өзіміздің туыстарымыз, достарымыз бен таныстарымыз да болуы мүмкін. Әр адам өз әрекеті үшін жауап беруі керек. Өзімізді сақтап, айналамызға қауіп төндірмеуіміз керек. Біз олар үшін жауапкершілігімізді сезінуіміз тиіс, - дейді Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ғазиз Надуев.

Қазір оқып жатыр

Наурыз ҰБТ-сы тапсырмаларынан 17 қате анықталған

ҰБТ

ШҚО-да сот ұсталған депутаттың компаниясын тас жолды қайта жөндеуге міндеттеді

Жол жөндеу

Қостанайда субсидияға бөлінген 3 млрд теңге жымқырылған: қылмыстық топқа үкім шықты

блогер соты

Депутаттар портреті. Асхат Аймағамбетов. Реформатор

.