USD
USD
USD

Таразда көпірдің астынан қару-жарақтар табылды

Тараздағы көпірдің астынан қару-жарақтар табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Таразда көпірдің астынан қару-жарақтар табылды
Фото: NEGE.kz

Тараз, NEGE. 31 тамызда Жамбыл облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қарудың тұрған жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Тараз қаласының көпірлерінің бірінің астынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған орынды тапты. Қара түсті полиэтилен пакеттен МР-79-9 травматикалық тапаншасы, маркасы белгісіз 2 тапанша, көзден жас ағызатын 1 граната, 5,45 мм калибрлі 22 патрон, 9 мм калибрлі 27 патрон, 12 калибрлі 5 патрон және Макаров тапаншасының оқжатары тәркіленді. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті