USD
USD
USD

Таразда қару-жарақ қоймасы табылды

Тараз қаласының шетінде қару-жарақ қоймасы табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Таразда қару-жарақ қоймасы табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған қарулардың орналасқан жерін анықтау бойынша бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Тараз қаласы Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қала маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған қапты тапты.

Табылған қаптан екі Калашников автоматы, FBI8000 газ тапаншасы, жарық-шуылды граната, автоматтың оқжатарлары, пышақты мылтық, полиция каскасы, резеңке таяқ және әртүрлі калибрлі 200-ге жуық патрон алынды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-тің 287-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте 39 жастағы ер адам көршісін балалардың көзінше өлімші етіп сабап, оқиға орнынан кетіп қалған

ұрлық

«Қазақстанға Алланың азабы керек»: желіде халқына қарғыс тілеген мұғалім кешірім сұрады

желіде пікір білдірген мұғалім кешірім сұрады

Дания Еспаева: Депутаттардың жалақысы 600 мың теңгеден басталады

жаңа құрам

Пайда жұқарды, бірақ қарыз қалың. Alatau City Bank үшін НЕГЕ уайымдай бастадық?

.