USD
USD
USD

Таразда «Чели апай» ұсталды

Жамбыл облысында ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аса ірі көлемде есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен Тараз қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Таразда «Чели апай» ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полицейлер алты ай бойы героин тобындағы есірткі өткізудің ірі арнасын анықтау және жою бойынша жасырын тергеу әрекеттерін жүргізді. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында ерекше иісті сұр-қоңыр түсті заты бар екі сіріңке қорабы табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, аталған зат жалпы салмағы 5,45 грамм – шамамен 60 доза героин есірткісі болып шықты. Арнайы операция нәтижесінде ұсталған әйел – «Чели апай» бүркеншік атымен бұрын героин сатқаны үшін бірнеше рет сотты болған.

Атап өту керек, осыдан бір жыл бұрын жедел уәкілдер оның 41 жастағы қызын есірткі саудасы саласындағы қылмыстары үшін «Мака» бүркеншік атымен ұстаған.

– 63 жастағы тұрғын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғанына, қызы бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқанына қарамастан, заңсыз жолмен алынған табыстан бас тартпаған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті Тараз қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір уақытта есірткі жеткізу арнасын анықтау бойынша қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, – дейді ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар