2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Таразда әскери бөлім карантинге жабылды  

Тараздағы әскери бөлім әскери қызметкерлердің коронавирус инфекциясын жұқтыруына байланысты карантинге жабылды. Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери бөлімнің нақты неше қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырғаны қазірше белгісіз. 

Таразда әскери бөлім карантинге жабылды  
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының 01731 бөлімінің карантинге жабылғаны туралы ақпаратты растады.

"Иә, әскери бөлім карантинге жабылды. Біз жұқтырғандардың саны туралы айта алмаймыз", – деп мәлімдеді әкімдік өкілі.
Ал қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі аталған оқиғаның анық-қанығына қатысты жолданған редакция сауалына әлі жауап берген жоқ.

Айта кетсек, бұған дейін әлеуметтік желілерде Таразда 20 әскери қызметкердің жұқпалы аурулар бөлімшесіне түскені туралы ақпарат тараған. Ал дезинфекциядан кейін әскери бөлім толықтай карантинге жабылған. Қорғаныс министрлігінің әскери қызметкерлері елдегі қоғамдық орындар мен көшелерді зарарсыздандыруға қатысады. Сондай-ақ, барлық облысаралық блок-бекеттерде әскери-патрульдік бақылау қызметтерін атқарады.

25 сәуірде кешке Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 103 жағдайы тіркелді.

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур

Астана тұрғыны АИ-95 бензинін құйғаннан кейін көлігі тартпай қалғанына шағымданды

Жанар-жағармай бекеті