USD
USD
USD

Таразда ашынған жұмысшылар базардың ашылуын талап етті

Таразда ашынған жұмысшылар базардың ашылуын талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таразда ашынған жұмысшылар базардың ашылуын талап етті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGEКуәгерлер жіберген видеода наразы халық Тараз базарында жиналғанын көруге болады. Қала тұрғынының айтуынша, олар базардың жабылуына қарсы болған.

Облыс әкімдігі Тараздағы базарларда қызметкерлерден коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар тіркелгенін түсіндірді. Сондай-ақ, мониторинг топтарының тексерісі барысында бірқатар базарда санитарлық, экологиялық және өртке қарсы қауіпсіздік шараларының бұзылғаны анықталған.

"Осыған байланысты Тараз қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері анықталған ереже бұзушылықтарды жою үшін 20 және 21 маусымда базарлардың жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл ақпарат базар иелеріне жеткізілді. Алайда базарлардың бірінің әкімшілігі қызметкерлерге тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізбеген. Осыған байланысты базар қызметкерлері наразылық білдіріп, түсінбеушілік танытты", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі өкілі.

Хабарламада базар қызметкерлерімен облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков кездескені айтылған. Кездесу қорытындысы бойынша, екі тарап анықталған ереже бұзушылықтарды жоюға және карантин шараларын сақтай отырып, базар жұмысын жалғастыру туралы келісімге қол жеткізді.

Сондай-ақ, аталған базар қызметкерлерінің кәсіподағымен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев кездесіп, халықтың денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық санитарлық талапты сақтау қажеттігін түсіндірді.

Қазір оқып жатыр

Жақсылық Омарға рақымшылық жасалмайды – прокуратура

Жақсылық Омар

Ақмола облысында бөгет жарылды

Бөгет

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Ормуз

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Атырау