USD
USD
USD

Таразда жарылыс болды

Таразда белгісіз нәрсе жарылып, оның себептері әлі анықталып жатыр, деп хабарлады taraznews.kz.

Жарылыс
Фото: Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы, NEGE. Аймақтағы газ мекемесі бұл жерден газ құбыры жүргізілмегенін, жарылыс басқа себептерге байланысты екенін мәлімдеді.  Жарылыс болған сәттің видеосын жергілікті пабликтер жариялап жатыр.

Оқиға кеше кешкісін адамдар көп тұратын ауданда болған. Видеодан сол маңайдан өтіп бара жатқан балалы әйелден бірнеше метр жерде жарылыс болғанын көруге болады.Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес, жарылыс 5-ші шағын ауданда, №26 үйдің жанында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары, газ қызметінің мамандары, ЖЭС және Тараз-Су мамандары жұмыс істеп жатыр.Газ шаруашылығы қызметінің мамандары оқиға орнын газ талдайтын арнайы жабдықпен тексерген. Олар ауада газ қоспасы анықталмағынын айтты.

"Бұл жерден газ құбыры жүрмейді, жарылыс басқа себептерге байланысты болды. Ол себептер қазір анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, жер астымен жүргізілген жоғары вольтты электр желісінде қысқа тұйықталу болған", - деп хабарлады "QazaqGaz Aimaq" өкілдері.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян