Таразда Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылады
Вице-премьер Қанат Бозымбаев Тараз өңірлік университетінің базасында Жамбыл облысындағы гидромелиоративтік-құрылыс институтын қалпына келтіру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. Оған ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, су ресурстары және ирригация, ұлттық экономика, әділет вице-министрлері, сондай-ақ Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен Жамбыл облысы әкімдігінің басшылығы қатысты.
Қанат Бозымбаев жаңа университеттің тиісті материалдық-техникалық базасын құру, қаржыландыру және кадрлармен қамтамасыз ету туралы есепті тыңдады.
Вице-премьер еліміздің базалық жоғары оқу орындарының бірін қалпына келтіруді Мемлекет басшысы тапсырғанын еске салды. Университетке Ұлттық мәртебе беріледі, ол тек су ресурстары мәселелеріне мамандандырылады. Оқытушылар құрамына шетелдік ғалымдар да кіреді. Еуропа, Қытай, Ресей және АҚШ университеттерімен жаңа ЖОО-мен серіктестік туралы келіссөздер жүргізілуде. Талапкерлерді тарту үшін білім беру гранттары көзделеді.
Вице-премьер қажетті ведомствоаралық рәсімдерді жеделдетуді тапсырды — университет қыркүйек айында өз есігін ашуға тиіс.
Қазір оқып жатыр
«Өмірде ешкімге жеңілдік жоқ»: протезбен жаттығатын бодибилдер шабытты қайдан алады?
Астанада блогер Айтым Жақыпов жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл арқалады
Қазақстан мен АҚШ тарабы Каспий құбыр консорциумына қатысты жағдайды талқылады
Өзбекстанда екі күн бұрын қызметінен кеткен экс-министр ұсталды – БАҚ