USD
USD
USD

Таразда тіс емханасын тонаған ер адамның әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған

Таразда тіс емханасынан ұрлық жасаған ер адам бейнекамераға түсіп қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Полиция қызметкерлері Тараз қаласындағы тіс емханаларының бірінде жасалған ұрлық дерегі бойынша 35 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Тексеру барысында күдіктінің бұрын сотты болғаны анықталды. Оның тіс емханасының ішіндегі кассадан 455 мың теңге көлеміндегі ақшаны ұрлаған сәті бейнебақылау камераларына жазылып қалған. Ер адам ұрлаған қаражатты жеке қажеттілігіне жаратып жібергендігі анықталды.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағына сәйкес (Тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға заңсыз кіру арқылы жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Қазіргі таңда күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors