USD
USD
USD

Таразда оқушы ата-ана құқығынан бас тартқан әкесінен алимент өндіріп алды

Тараз қаласында 11-сынып оқушысы ата-ана құқығынан бас тартқан әкесін сотқа беріп, алимент өндіріп алды.

Оқушы
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Жоғарғы сот мәліметінше, қыздың әкесі 2008 жылы екі баласына қатысты ата-ана құқықтарынан бас тарту туралы арыз жазып, оны нотариалды түрде куәландырып алған. 2018 жылы қыздың анасы мен ағасы қайтыс болған. Қазіргі уақытта ол әжесімен бірге тұрып жатыр.

Әкесі ешқандай материалдық көмек көрсетпеген, қарым-қатынастан қашқақтаған, ал көмек сұраған кезде қызының телефон нөмірін бұғаттап отырған. Жекеменшік мектепте оқитын қыздың оқуы мен тұрмысқа байланысты барлық шығынын әжесі өтеуге тура келген.

Сотқа алимент өндіру туралы талап қоюмен жүгінгенде, оқушы өзінің қаржылық қиындықтарға тап болғанын көрсеткен. Сотта әкесі талапты ішінара қанағаттандыруды сұрап, басқа некеден туған төрт баласы мен несиелік міндеттемелерін алға тартқан. Алайда оның еңбекке қабілетті екені және бірнеше кәсіпорыннан табыс табатыны анықталған.

«Сонымен қатар шешім шығарылған күні жауапкер жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден шыққаны, ал оған дейін көп ұзамай тағы төрт балаға әкелік құқықты ресімдегені белгілі болды. Сот мұны алимент мөлшерін жасанды түрде төмендетуге бағытталған әрекет ретінде бағалады.

 

Тараз қалалық соты әкесінен қызы мектепті аяқтағанға дейін ай сайын 17 АЕК (66 844 теңге) мөлшерінде алимент өндіру туралы шешім шығарды», – делінген Жоғарғы сот хабарламасында.

Әкесі бұл шешімге апелляциялық тәртіппен шағымданған. Дегенмен Жамбыл облыстық соты бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. Сот актілері заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті психиатриялық ауруханаға жатқызылды

Күдікті, Нұрай

Бапи: Дүмше уағызшылар қоғамға қауіп төндіріп отыр

Бапи

Заңгер Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамалды

Әділетхан Молдахан

Алматыда АИТВ жұқтырып, 13 жастағы қызды зорлады деп айыпталған ер адам сотталды

Қылмыстық іс