USD
USD
USD

Таразда мұғалімді «жемқор» деп атаған әйел сотқа тартылды

Тараз қалалық сотында мектеп-интернат мұғалімінің ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау бойынша азаматтық іс қаралды.

кісі өлімі
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Сот таратқан мәлімет бойынша, даулы жағдай 2024 жылдың қыркүйегінде басталған. Тұрғындардың бірі мұғалімнің үстінен мектеп директорына арызданған. Ол өз арызында педагогті «өсекпен айналысатын, тәрбиешілерге жала жауып, көп мөлшерде ақша жинайтын жемқор» деп атаған.

Осы шағымнан кейін мектеп басшылығы ішкі тексеру жүргізген, алайда  бұл фактілер расталмаған. Кейін мұғалімнің өзі сотқа жүгінген. Сот сараптамасы бұл мәліметтердің мұғалімнің беделіне нұқсан келтіретінін анықтады.

Сондай-ақ, сотта жауапкер мұғалімнің ақша жинайтынын дәлелдейтін ешқандай айғақ ұсына алмаған.

Іс материалдарын қараған сот педагогтің сыбайлас жемқорлыққа қатысы жоқ екенін және ақша жинағаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын анықтады.

Сот шешімімен қала тұрғыны мұғалімге 100 мың теңге көлемінде моральдық зиян өтеуге міндеттелді.

Шешім заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Депутат жүрек ауруларының алдын алу үшін скринингті 18 жастан бастауды ұсынды

Жұлдыз Данбаева

Екібастұздғы МАЭС-ке 2 млн теңге айыппұл салынды

Екібастұздағы 1-МАЭС

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,75%-ға дейін төмендетті

Ұлттық банк