USD
USD
USD

Таразда кортеж ұйымдастырған мектеп түлектері анықталды

Таразда кортеж ұйымдастырған мектеп түлектері жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Полиция қызметкерлерімен аумақты патрульдеу барысында Тараз қаласындағы бірнеше орта мектептің бітіруші түлектерінің оқу жылын аяқтауға арналған іс-шара аясында көлік кортежін ұйымдастырғаны анықталды. Кортеж кезінде түлектер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, қоғамдық тәртіпті сақтамай, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірген.

Көлік құралдарын басқару кезінде қозғалыс ережесін бұзу, автокөліктердің жолда жүру тәртібін сақтамауы, қоршаған ортаға қауіп төндіру жағдайлары бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бірнеше баптарымен, барлығы 19 әкімшілік хаттама толтырылды.

«Біз мектеп бітіру кештерінен кейін мұндай жағдайлар болуы мүмкін екенін болжадық. Сондықтан автопатрульдер санын көбейтіп, бақылауды күшейттік. Азаматтардың қауіпсіздігі – басты міндет және оны қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын боламыз», – деп атап өтті Тараз қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Руслан Оразбақов.

Полиция департаменті азаматтарды, соның ішінде мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналарын, мерекелік шараларды өткізуде қауіпсіздік пен заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Астанада қонақ үй кәрізінен шала туған сәби табылды

шақалақ

Ақтауда жоғалып кеткен бозбаланың мәйіті судан табылды

жоғалған бозбаланы іздестіру

Бітіру салтанатында диплом жыртқан түлек желіде кешірім сұрады

диплом

Қазақстанда жас кәсіпкерлер саны азайып кеткен

жеке кәсіпкерлік