USD
USD
USD

Таразда белгісіз жауынгерлерге қойылған ескерткішті бүлдірді деген күдікпен 7-сынып оқушылары ұсталды

Тараз қаласында Қызыл армияның 72 белгісіз жауынгері жерленген орынға орнатылған мемориалдық стеланы бүлдірген күдіктілер ұсталды. Олар қаладағы мектептердің бірінде оқитын 7-сыныптың үш оқушысы болып шықты.

Күдіктілер
Фото: Жамбыл облыстық полиция департаменті, видеодан кадр

Астана, NEGE. Полицейлер күдікке іліген оқушыларды полиция бөліміне жеткізді.

«Кәмелетке толмағандар профилактикалық есепке қойылды. Ал олардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады облыстық полиция.

Бұған қоса Білім басқармасы және Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныстар енгізілген.

Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайына құқықтық баға берілмек.

Еске салсақ, бұған дейін Ресей елшілігі ескерткіштің қиратылуын қатаң айыптап, оны жай ғана бұзақылық емес, «екі елге ортақ батырлардың рухына құрметсіздік көрсетуге бағытталған саяси экстремистік әрекет» деп атаған еді.

Кейін мемориалдық стела толық қалпына келтірілді.

Қазір оқып жатыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: Құрылтай халыққа үндеу жасады

Құрылтай

Қазақстандықтар медициналық картасын кім және не үшін қарағанын біле алады

жеке дерек

Қазақстанда емделетін шетелдіктер көбейген: заңға «медициналық туризм» ұғымы енгізілмек

дәрігер