USD
USD
USD

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Оқиға 16 ақпан күні күндізгі уақытта автобус аялдамасының жанында болған.

Оқиға орны
Фото: Видеодан скрин/instagram.com/taraz_life

Астана, NEGE. Instagram-дағы Тараз LIFE парақшасында аялдама маңындағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған бейнежазба жарияланды. 

Дереккөздің хабарлауынша, екі бейтаныс ер адам қыз балаға жақындап келіп, оны алып кетпек болған. Осы сәтте аялдамада тұрған ер адам араласқан соң әлгілер оқиға орнынан кетіп қалған.

Бейнежазбаны қыздың әкесі бақылау камераларынан алған. Жазбаны қарау барысында ол болған жағдайдың мән-жайын нақтылау үшін қызына қоңырау шалған – бұл әңгіме видеода ішінара естіледі. Қыз әкесіне ер адамдардың бірі ақ түсті бас киім кигенін, көлікте жүргізушіден бөлек тағы екі адам болғанын айтқан.

Тараз полициясы қызды ұрламақ болған күдіктілер ізін суытпай ұсталғанын хабарлады.

«Полицияға белгісіз екі адамның автокөлікпен аялдамада тұрған қызды ұрламақ болғаны туралы хабарлама түсті. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері барды.

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Полиция балалардың қауіпсіздігіне қатысты кез келген қауіп-қатер ерекше бақылауда екенін және мұндай әрекеттер заң аясында қатаң түрде тоқтатылатынын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Саясатқа бет бұрған Айжан Аймағанова жұмыстан кеткенін мәлімдеді

.

Зейнетақы жинағына берілетін мемлекеттік кепілдік неге алынып тасталуы мүмкін?

.

Қазақстан Сингапурдың зейнетақы моделіне көше ме?

зейнетақы

Джеки Чан Қазақстанда «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің түсірілімін бастады

.