USD
USD
USD

Таразда айтыскер ақындар мен жыршы-термешілер орталығы ашылды

Онда әр бағыт бойынша арнайы кабинеттер мен жас айтыскерлер клубы орналасқан, деп жазды 24.kz.

Тараз
Фото: pavlodarnews.kz

Алматы, NEGE.Сонымен қатар, аудио жазба студиясы іске қосылмақ. Орталықта майталман ақындар мектеп оқушыларының талантын ұштаса, жыршылар жас дарындарды терме мен дәстүрлі ән өнеріне машықтайды.

Алдағы уақытта төл өнер бағытында ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналыспақ. Айтыс жинақтары мен термешілік өнерге байланысты нұсқаулықтар шығару жоспарланып отыр.

- Бабалардан аманат болған байтақ ұлттық өнеріміз: ол айтыс өнері, ол жыршылық өнері, ол термешілік өнері, ол дәстүрлі ән өнері. Осылардың барлығына да баулитын төр болады деп ойлаймын. Алдағы уақытта біз жұмыс жүргізетін боламыз. Басқа өңірлерге де осы Жамбыл облысының игі бастамасын алға тартып осының әрі қарай жалғасын табуын басқа өңірлерде де ашылуын сұрайтын боламыз, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтаев.


Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы