USD
USD
USD

Таразда анасы баласын ұрып-соғып, видеоға түсірген

Әлеуметтік желілерде Тараз қаласының тұрғыны кәмелетке толмаған ұлын ұрып-соғып жатқан видеосы тарады.

6 жасар бала
Фото: Pixabay

Алматы, NEGE. Алдын ала дерекке сәйкес, ол бұл әрекетті бұрынғы күйеуінен кек қайтару мақсатында жасаған.

Видеода ашулы әйел баланы ұрып, көзіне жарық түсіріп, үлкен қызын да соққы жасауға мәжбүрлейді.

Полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша «кәмелетке толмаған адамға қатыгездік таныту» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған.

«Әйел адам оқиғаның барлық мән-жайын толық, объективті және жан-жақты анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізілді. Сараптамалар мен тергеу шараларының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады», – делінген хабарламада.

Балаға жедел түрде медициналық қызметкерлермен тексеру жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Өткен аптада Жамбыл облысында ананың баласын ұрып-соққаны туралы хабар түсті. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Балалар арнайы мекемеге орналастырылды.

Зәкиева
Фото: Instagram парақшасынан

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның хабарлауынша, балалар арнайы мекемеге орналастырылған.

Қазір оқып жатыр

32 мың теңге беріп, 752 мың теңге талап еткен: депутат заңсыз несие берушілерді бақылауға шақырды

несие алу

Депутат туысының бизнесіне қатысты заңға дауыс бере ала ма?

Құрылтай брифингі

Фельдшер қазасы: Астанада қасбеті құлаған үйдің бұрынғы басқарушыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ұлдана Мырзуан өлімі бойынша сот отырысы

Алматыда аялдамада тұрған зейнеткерді аяусыз ұрып-соққан ер адамға үкім шықты

Аялдамада соққыға жыққан