USD
USD
USD

Таразда 3,5 млрд теңгеге салынуы тиіс болған Футбол академиясының құрылысы әлі басталмаған

Таразда 2025 жылы 22 қарашада Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев және Halyk қорының атқарушы директоры Ғалымбек Жақсылықов капсуласын құйған Футбол академиясының құрылысы арада жарты жыл өтсе де, әлі басталмаған.

Лория, Жақсылықов, Қарашөкеев
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Астана, NEGE. Журналист Дінмұхамед Болсынбек академия салынады деп жоспарланған аумақтан видео жариялап, нысан орнында әлі күнге дейін іргетасқа арналған капсула ғана тұрғанын көрсетті.

«"Ордабасы Аренадан" кейін тұрып қалған футбол жобаларының бірі – Тараз қаласындағы Футбол академиясы. Бұл жоба Қазақстан футбол федерациясының, Жамбыл облысы әкімдігінің және Halyk қайырымдылық қорының қолдауымен іске асырылуы керек болған. Алайда алты айдан бері құрылыс алаңы қаңырап бос тұр. Ешқандай жұмыс жүргізілмеген», – деп мәлімдеді журналист желіде.

Айта кетейік, Қазақстан футбол федерациясы былтыр 22 қарашада Тараз қаласында жаңа футбол академиясының іргетасын қалау салтанаты өткенін хабарлаған болатын. 

Сол кезде Halyk қоры жобаға 3,5 млрд теңге инвестиция құятыны, сондай-ақ нысанды жобалаудан бастап оны толық іске қосылғанға дейінгі барлық кезеңге жауапты болатыны айтылған еді. 

Заманауи академияда Қазақстанның әр өңірінен іріктелген 100 талантты футболшы тәрбиеленеді, ал барлық инфрақұрылым FIFA және UEFA стандарттарына сай әзірленеді деп жоспарланған болатын.

Қазір оқып жатыр

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры