USD
USD
USD

Тараз тұрғындарынан аса ірі мөлшерде қарасора тәркіленді

Көлік полицейлері Тараз тұрғындарынан аса ірі мөлшерде қарасора тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз тұрғындарынан аса ірі мөлшерде қарасора тәркіленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қарасора жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында Шу – Аспара станцияларының аралығында есірткі заттарын жинап жүрген Тараз қаласының 3 тұрғыны анықталып, ұсталды. Олардан спецификалық иісі бар, жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған бір қапшық табылып, тәркіленді. Құқық бұзушылардың бірі бұрын ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) және 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотталған.

Сот-сараптамалық зерттеудің қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 16,4 келіні құрайтын, яғни аса ірі мөлшердегі кептірілмеген қарасора есірткі заты болып шықты.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта сот ұсталғандарға қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.