USD
USD
USD

Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары ұсталды

Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қайсар Сарытай Грузияда ұсталды, - деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жамбыл облысы бойынша аумақтық департамент ҚР ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағының, 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігімен Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қ.А. Сарытайға халықаралық іздеу жариялады.

Халықаралық ынтымақтастық аясындағы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Грузияның құқық қорғау органдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол ҰОБ – мен бірлесіп Қ.А. Сарытай Грузия аумағында ұсталып, қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Антикордың айтуынша, қазір ұсталған адамды Қазақстан Республикасына экстрадициялау рәсімі жүріп жатыр.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық қудалау органынан жасырынған адамдарды іздестіруге ерекше назар аударады.

Олардың көпшілігі қазақстандық сот төрелігі үшін қол жетімсіз болу шараларын қабылдайды және елден тыс жерлерде жасырынып жүр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын жеке мемлекеттік орган ретінде құрды

Халық Кеңесі

«Гүлдің бағасы маңызды емес»: министрлік 1 қыркүйекке қатысты ескерту жасады

.

Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

су тасқыны

Тоқаев ядролық державаларды келіссөзге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев