USD
USD
USD

Тараз қалалық әкімдігінің лауазымды қызметкеріне қатысты тексеру басталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Тараз қалалық әкімдігінің лауазымды қызметкеріне қатысты тексеру бастағанын растады.

Тараз қалалық әкімдігінің лауазымды қызметкеріне қатысты тексеру басталды
Фото: NEGE.kz

Тараз, NEGE. Бүгін Тараз қалалық әкімдігі құрылыс бөлімінің бастығы Ержан БАБАҚҰЛОВТЫҢ жұмысын Антикор тексеріп жатқаны туралы ақпарат тараған. Бұл бөлім басшысының құрылыс жұмыстарына қатысты бірқатар заңсыздықтарға жол бергені де айтылды.

ОРДА телеграм каналының жазуынша, Е.Бабақұлов Таразда үй салумен айналысатын «Бином» ЖШС құрылыс жұмыстарын бітірмегеніне қарамастан, құрылыс апяқталды деген құжатқа қол қойған. Қалалық прокуратураның мәліметіне қарағанда, әлгі ЖШС бюджеттен 125,6 млн теңге алған көрінеді.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе