USD
USD
USD

Тараз бен Шымкентте ҰҚТ басшылары ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Тараз бен Шымкенттен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін анықтады, - деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Тараз бен Шымкентте ҰҚТ басшылары ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "2022 жылғы 30 маусымда ҰҚК Ішкі істер министрлігімен бірге Тараз және Шымкент қалаларында "А" және "Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің жұмылдырылуымен ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз іс-әрекетінің жолын кесті", - делінген хабарламада.

Тексеріс барысында қылмыстық топ мүшелерінің тауар-материалдық құндылықтарды аса ірі мөлшерде ұрлауға және кәсіпкерлерден ақша бопсалауға қатысы бар екені туралы дәлелдер жиналған.

"Арнайы операция нәтижесінде қылмыстық топтың 14 басшысы мен белсенді қатысушылары ұсталды.

Процессуалдық іс-шаралар барысында қару-жарақ арсеналы, қомақты ақша сомасы, сондай-ақ, тергеу үшін қызығушылық тудыратын құжаттар табылып, тәркіленді", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Соталды тергеу жүргізіліп жатыр, ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда AI мамандарын даярлайтын жаңа университет ашылады

Жаслан Мәдиев

Жаңа ақпараттық жүйелерді әзірлеуге мораторий енгізілді – Мәдиев

комиссия

Қазақстанда бүгіннен бастап электрсамокат пайдалану ережесі күшейді: не өзгерді?

Элеткрсамокат

Тоқаев қазақстандықтарды жаңа Конституцияның күшіне енуімен құттықтады

Конституция