USD
USD
USD

Тараз тұрғыны әпкесінің атына жасырын үш несие рәсімдеген

Тараз қаласының тұрғыны әпкесінің атына жасырын үш несие рәсімдеп жіберген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Тараз қаласының полициясына өз атында несие тұрғанын көріп, интернет-алаяқтардың құрбаны болдым деп ойлаған жергілікті тұрғын шағымданды. Арызында ол ешқандай несие алмағанын көрсеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері бірнеше ай ішінде әйелдің інісі өзінің телефонына әпкесінің атынан банктің мобильді қосымшасын орнатып алып, жалпы сомасы 1 782 480 теңге көлемінде үш рет ақшалай несие рәсімдегенін анықтады.

Жәбірленуші өз атында несиелердің бар екенін мүгедектігі үшін алатын зейнетақысынан ақшалай қаражат ұсталған кезде білген. Полиция қызметкерлері алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

«Өмірде ешкімге жеңілдік жоқ»: протезбен жаттығатын бодибилдер шабытты қайдан алады?

Әділет Закиев

Астанада блогер Айтым Жақыпов жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл арқалады

Айтым Жақыпов

Қазақстан мен АҚШ тарабы Каспий құбыр консорциумына қатысты жағдайды талқылады

мұнай тасымалы

Өзбекстанда екі күн бұрын қызметінен кеткен экс-министр ұсталды – БАҚ

Журабек Мирзамахмудов