USD
USD
USD

Тараз тұрғындары балабақша маңынан жүйіткіп өтетін көліктерден қауіптеніп, полициядан көмек сұрады

Тараз қаласындағы №30 балабақша орналасқан Әл-Фараби көшесінен өту үшін ата-аналар мен бүлдіршіндер сәт сайын басын қатерге тігуге мәжбүр.

Жол белгісі
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Өйткені, тұрғындардың айтуынша, көлік жүргізушілері жол жиегіндегі арнайы белгілер мен жарықдиодты шамдарды елеместен, жүйіткіп өте шығады.

«Көліктер зулап өтеді, жаяу жүргіншілер жолағына шықсаң да, ешкім тоқтамайды», – дейді жергілікті тұрғындар.

Тараз тұрғындары бұл мәселеге жергілікті полиция қызметі дереу араласып, нақты шара қолданбаса, «соңы үлкен қасіретке әкеп соқтыруы мүмкін» деп қауіптенеді. Олар қауіпті аумаққа жасанды бұдырлар орнатуды немесе полиция бақылауын күшейтуді талап етуде.

Қалалық полиция қызметі тұрғындар шағымы қабылданғанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Қаржыдан мұнайға ауысу оңай емес. Кеңес Рақышев НЕГЕ борыштан көз ашпады?

Ракишев

Астанада жеке клиника басшысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды

скриниг

Тоқаев жақында тағайындалған Халық Кеңесі төрағасының орынбасарын қабылдады

Тоқаев, Жайсаңбаев

Құрылтай сайлауына 34,3 млрд теңге бөлінеді

ОСК