USD
USD
USD

Тапа-тал түсте жас қызды тонамақ болған ер адам видеоға түсіп қалды

Алматыда күндізгі уақытты қызды тонамақ болған ер адам видеоға түсіп қалды. Қазір бойжеткенге шабуыл жасаған күдіктіні полиция іздеп жатыр.

Тапа-тал түсте жас қызды тонамақ болған ер адам видеоға түсіп қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жас қызға шабуыл жасалған сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Роликті Instagram желісіндегі kris_p_almaty парақшасы жариялады.

Жазбаға қарағанда шабуыл бүгін, 4 маусымда жасалған. Кадрларда ер адамның қызға шабуыл жасап, оның сөмкесін тартып алмақ болғаны көрсетіледі. Бірақ қыз сөмкесін жібере қоймайды, нәтижесінде шабуылдаушы құр алақан қашып кетеді.

Айта кетсек, тонаушы күндізгі уақытқа да, жақын маңдағы адамдарға да қарамаған. Ер адам қашпақ болған кезде оны адамдар ұстап алуға тырысқан.

Дегенмен ол сытылып кетіпті. Алматы қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, Қылмыстық кодекстің 191-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

"Қылмыс жеке секторлардың бірінде, бүгін таңертең болған. Жедел-тергеу тобы құрылды. Қазіргі уақытта шабуылдаушының кім екенін анықтап, оны ұстау үшін жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде. Оның ұсталуы - уақыттың еншісінде", - дейді Алмалы ауданы полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.

Жедел қызметкерлер қазір бейнебақылау камерасындағы видеоларды зерттеп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға