Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тапа-тал түсте көршісінің пәтерін тонап кеткен

Түркістан облысында ұрлыққа түскен көрші ұсталды.

Тапа-тал түсте көршісінің пәтерін тонап кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазығұрт АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып келген. Ол өзінің арызында түскі уақытта белгісіз тұлға үйіне заңсыз кіріп, құны 30 мың теңгелік алтын жүзігін жымқырып кеткенін хабарлады. Қылмысты ашу мақсатында Қазығұрт АПБ-нің қызметкерлерінен арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Жақын аймақтарды мұқият тексеріп шықты. Тәртіп сақшылары жүргізілген шаралар нәтижесінде күдіктіні екі сағат ішінде анықтап, қолға түсірді. Тергеу барысында анықталғандай күдікті жәбірленушінің көршісі болып шықты. Ол заңсыз көршісінің үйіне кіріп, алтынды ұрлап, жеңіл жолмен ақша тапқысы келген. Анықталғандай ол бұрын сотты болған. Күдіктінің бас шарасы “ешқайда кетпеу туралы қолхатта”. Аталған жайтты Қазығұрт АПБ-ның қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді. Қазіргі таңда аталған баппен тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Грантқа іліге алмағандарға тағы бір мүмкіндік бар

грант

Министрлік мектеп формасына қойылатын жаңа талаптарды түсіндірді

оқушылар

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер