USD
USD
USD

«Танк биатлонына» дайындық басталды

Мәскеу маңындағы «Алабино» полигонында қазақстандық команда танк биатлонына жарысында танкішілер өнер көрсететін техниканы қабылдауды бастады, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.

«Танк биатлонына» дайындық басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жеребе нәтижесінде Қазақстан командасы сары түске боялған төрт танкіге ие болды. Конкурс ұйымдастырушылары - ресейлік тараптан ұсынылған техниканы техникалық қамтамасыз ету тобы офицерлерінің басшылығымен эпипаждар қабылдады.

Жарыс басталмас бұрын қазақстандық танкішілерге қару-жарақтың дайындығы мен дәлдігін дұрыстап, танк биатлоны трассасының бағытын мұқият зерделеу қажет.

Еске сала кетейік, Армия халықаралық ойындары-2020 аясында өткізілетін «Танк биатлоны» халықаралық жарысы 23 тамыз - 5 қыркүйек аралығында «Алабино» полигонында өтеді. Қазақстандық команда алғашқы жеке жарысын 25 тамыз күні бастап, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан танкішілерімен бірге бір топта өнер көрсетеді.

Жалпы сайысқа 16 елдің танк экипаждары қатысады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай