USD
USD
USD

Танысының денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін іздеуде жүрген ер адам Ресейден экстрадицияланды

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жеке адамға қарсы ауыр қылмыс жасағаны үшін сот үкімін орындау мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады.

Бас прокуратура, экстрадиция
Фото: Бас прокуратура

Алматы, NEGE. Аталған тұлға 2023 жылы Риддер қаласында алкогольдік ішімдік ішіп отырып жәбірленушімен сөзге келіп қалып, өзімен бірге болған жиналмалы пышағымен оның басы мен денесіне соққылар жасаған. Уақтылы көрсетілген медициналық көмекке байланысты жәбірленуші құтқарылды.

Сот үкімімен ол бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған, алайда өзіне жүктелген міндеттерді орындамай, қылмыстық жазасын өтеуден жалтаруына байланысты халықаралық іздеу жарияланды. Өткен жылдың қыркүйегінде ол Ресей Федерациясының Алтай өлкесінде ұсталып, кейін Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта сотталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Енді ол екі жылдан астам мерзімге нақты бас бостандығынан айыру жазасын өтеуі керек.

Қазір оқып жатыр

БҚО-дағы Қазақстан-Ресей шекарасында жүк көліктері кептелісі 35 шақырымға жеткен

"Сырым-Машкатово" өткізу бекеті

Шығыста мемлекетке 1,2 млрд теңге залал келтірген компания басшысы іздестірілуде

Восток инженеринг

Чайлдфри шариғатта құптала ма: ҚМДБ үкімі жарияланды

ҚМБД

Қазақстанда төрт фармацевтикалық компания қолдан жасалған, қауіпті дәрілер сатып келген

Контрабанда