USD
USD
USD

Танысын тірідей өртеген ер адамға қатысты сот үкімі шықты

Осы жылдың сәуір айында Екібастұз қаласындағы пәтерлердің бірінде жәбірленуші мен айыпталушы сөзге келіп қалып, оның соңы дауға ұласқан, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Танысын тірідей өртеген ер адамға қатысты сот үкімі шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Соттың мәліметі бойынша, оқиға жәбірленуші әйел адамның үйінде болған. Айыпталушы ер адам қол көтерген соң ол жылап, жуыну бөлмесіне кіріп кеткен. Мас болғандықтан, сол бөлмеде ұйықтап қалған. Ал мұны пайдаланған танысы пәтердегі ақшаны, бағалы заттарды қалтасына басып, диван үстіне от қойған. Пәтердегі өрт пен ыстан иіс тиген жәбірленуші өз үйінде тіл тартпай кетті.

Алайда айыпталушы өз кінәсін мойындаған жоқ. Тек ұрлыққа барғанын растады. Жәбірленуші тарап оны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады. Алқабилер соты қатаң режимдегі жабық мекеменің ар жағына 16 жылға жіберу туралы шешім шығарды. Әзірше бұл шешім заңды күшіне енген жоқ.

Сондай-ақ, күні кеше Екібастұз қаласындағы тағы бір ауыр қылмыстың беті ашылды. Көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан кілемге оралған әйел адамның денесі табылды.

"17 қазан күні сағат 16,44-те Екібастұз қаласының полициясына Мәшһүр Жүсіп көшесі, 68 мекенжайындағы үйдің ауласындағы кілемнен адамның аяғы көрініп тұрғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен тергеу тобы кілемдегі адам - қасақана өлтірілген 38 жасар әйел екенін анықтады", - деді Екібастұз қаласы полиция басқармасының бастығы Қайыржан Шақарғалиев.

Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 1986 жылы туған ер азамат ұсталды. Ол кінәсін толық мойындады. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Жетісуда еңбек өтілі 20 жылдан асатын шенеунік құмар ойын үшін жұмыстан босатылды

Шенеунік

14 қыркүйектен бастап тұрғын үй кезегіндегі азаматтардың деректері тексерілмек

Отбасы банк

Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Дұғам қабыл болды»: Бақытжан Базарбек жол апатында зардап шеккен жігіттің қазіргі жағдайын айтты

Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен адам есін жиды