Танысын интимдік фотосуреттермен бопсалаған қызылордалық ұсталды (видео)
Интимдік фотосуреттерді жариялаймын деп әйелді бопсалаған қызылордалық ұсталды.
Алматы, NEGE. Полицияға 29 жастағы азаматша арыз түсірген. Танысы әлеуметтік желіге интимдік сипаттағы фотоларды жариялаймын деп қорқытып, бопсалау арқылы ақша беруді талап еткен.
Аталған дерек бойынша Қызылорда қалалық ПБ криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде кезекші тәулікте 33 жастағы облыс тұрғынын ұстады. Заттай дәлелдемелер алынды.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК – нің 194 – бабының 1 – бөлігімен (Қорқытып алушылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазір оқып жатыр
«Әділет» партиясы Ақмолада өңірлерді дамыту бағдарламасын таныстырды
Daryn.online платформасына жүргізілген тексеру нәтижесінде әкімшілік іс қозғалды
Алматы әкімдігінің туристік турнесіне 1 млрд теңгедей бюджет қаражаты жұмсалған
Марқұм Ұлдананың күйеуі өтемақыны қайтаруға міндетті ме – Заңгер жауабы