USD
USD
USD

Танымал журналда Қазақстан туралы мақала жарияланды

Condé Nast Traveller танымал халықаралық басылымы The most Breathtaking Places to Visit in Kazakhstan («Қазақстанда баруға болатын ең қызықты орындар») атты материал жариялады. 

Танымал журналда Қазақстан туралы мақала жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мақаланың тақырыбы айтып тұрғандай авторлар Алматы, Бурабай, Астана, Маңғыстау, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Ұлытаудың әсем табиғатын егжей-тегжейлі көркем сипаттайды.

Бұл ретте, Қазақстан әлемдегі бағаланбаған туристік бағыттардың бірі, деп атап көрсетеді. Сондай-ақ, авторлар Қазақстанды ауқымы жағынан ғаламшардағы асқар таулардан тұзды бастауларға дейін, мөлдір көлдерден ну ормандарға дейін, заманауи сәулеттен ежелгі төбелерге дейінгі таңғажайып пейзажы бар тоғызыншы ел ретінде баға берген.

«Өткен бір аптада ғана Қазақстан Үндістаннан келген туристер үшін ең үздік тренд бағыты ретінде танылды. Бұған дейін Қазақстан танымал curly tales сайтының нұсқасы бойынша қолжетімді демалыс бойынша ТОП-10 елдің қатарына кірді. Әлемдік басылымдар Қазақстанға барған сайын назар аударып, туристердің Қазақстанға келуіне ұсыныс жасайтыны қуантады. Біз отандық және шетелдік туристердің жайлы демалысы үшін жағдай жасап, осы бағыттағы жұмысты жалғастырамыз», - деп атап өтті вице-министр Ержан Еркінбаев.

Қазір оқып жатыр

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент