USD
USD
USD

Танымал жазушы қайтыс болды

Ресейлік жазушы Татьяна Полякова 62 жасына қараған шағында қайтыс болды.

Танымал жазушы қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жазушы Валерия Сергееваның айтуынша, Татьяна Полякованың өліміне қатерлі ісік себеп болған.

"Таня Полякова өмірден озды... Осындай керемет адамды қатерлі ісікпен ауырады деп кім ойлаған. Жағдайы тұрақты болған кезде ол тіпті өмірі үшін күресті әзілге айналдырып жүретін... Ол жұмысын тоқтатпады, барлық нәрсеге қызығушылық танытты, оқыды", - деп жазды Сергеева ВКонтакте-парақшасында.

Татьяна Полякованы шығарып салу рәсімі 10 наурызда Владимирдегі монастырда өтеді.

Татьяна Полякова - шытырман оқиғалы детектив жұлдызы, елуден аса кітап авторы. Ол 1959 жылы 14 қыркүйекте Владимирде дүниеге келген. Иваново мемлекеттік университетін тәмамдағаннан кейін, болашақ жазушы 1997 жылы алғашқы кітабын жазбас бұрын 14 жыл қарапайым балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеді. Сатылған кітаптарының жалпы тиражы 30 миллион данадан асады. Ол 85-тен аса кітап жазды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер